24 қыркүйек 2023 12:30

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова Азия ойындарының финалына жолдама алды

Фото: olympic.kz

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 кг дейінгі салмақ) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дзюдошы Әбиба Әбужақынова (48 кг дейінгі салмақ) Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отандасымыз жартылай финалда оңтүстіккореялық Ли Хек Енгті жеңді. Әбиба оның алдында алғашқы белдесуінде филиппин спортшысын вазари әдісімен, одан кейін Солтүстік Корея балуанын ұтқан.

Ерлер арасында Мағжан Шамшадин (60 келі) жартылай финалда оңтүстік кореялық Ли Харимге (2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) есе жіберді. Енді ол қола медаль үшін күресетін балуанды күтеді.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар сағат 16:00-де тағы бір отандасымыз Ғалия Тынбаева (52 келі) қола медаль үшін таласады. Ғалия ширек финалда Моңғолия дзюдошысына есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде Ахлия Муминовадан (Тәжікстан) айласын асырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram