22 қазан 2024 | 09:00

Екібастұз политехникалық колледжінде KAZ Minerals компаниясының қолдауымен үш жаңа мамандық ашылады

Фото: KAZ Minerals

Екібастұзда жөндеуші-слесарь, технолог-техниктер мен өлшеуіш-бақылау құралдарын қадағалайтын слесарьларды дайындау басталады. Бұл шешім KAZ Minerals Bozshakol тарапынан бөлінген демеушілік көмек арқасында мүмкін болды. Кәсіпорын оқыту бастамаларын белсенді қолдап, Екібастұздағы колледждің бес мамандыққа оқытатын оқу бөлмелерін қажет жабдықтармен қамтамасыз етті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда жөндеуші-слесарь, технолог-техниктер мен өлшеуіш-бақылау құралдарын қадағалайтын слесарьларды дайындау басталады. Бұл шешім KAZ Minerals Bozshakol тарапынан бөлінген демеушілік көмек арқасында мүмкін болды. Кәсіпорын оқыту бастамаларын белсенді қолдап, Екібастұздағы колледждің бес мамандыққа оқытатын оқу бөлмелерін қажет жабдықтармен қамтамасыз етті.

Жаңа мамандықтар үшін бірнеше корпус бөлінді. Қазір білім ордасы студенттерді қабылдауға қызу дайындалуда: аудиториялардың жөндеу жұмысы аяқталды, жаңа құралдар жеткізілуде және оқытушылар іздестірілуде. Осылайша, 2026 жылы үміткерлердің жаңа мамандықтар бойынша оқуға түсуіне мүмкіндік пайда болады.

Реклама
Реклама

"Біздің өндірістік өңір үшін бұл мамандықтардың қажеттілігі айқын. Жоспарды жүзеге асыратын "Жол картасын" дайындадық. Онда әрбір кезеңнің мерзімдері көрсетілген. Еш кедергісіз, қажетті бағытта жұмыс істесек, 2026 жылы студенттерді оқытуды бастаймыз", - дейді "Екібастұз политехникалық колледжі" ШЖҚ КМК жетекшісі Қанат Қоянбаев.

Политехникалық колледж 2022 жылы кезінде Аймақаралық оқу орталығына тиесілі болған үлкен ғимаратқа көшті. KAZ Minerals-пен ынтымақтастық орнағанға дейін мұндағы бірнеше корпус бос тұрған еді. Енді олар жаңа мамандықтар оқытылатын аудиторияға айналмақ.

Ғимарат жөнделіп жатқанда демеуші колледжге жаңа техниканы жеткізе бастады. Бүгінге дейін оқу орнына құны 29 миллион теңгелік жабдық табысталған.

"Алғашқы құралдар жыл ортасында келе бастады. 2025 жылдың екінші жартысына дейін барлық техниканы жеткізу жоспарлануда. Жалпы алғанда колледж құны 400 миллион теңгеден асатын материалдық-техникалық көмекпен қамтамасыз етіледі", - дейді KAZ Minerals Bozshakol персоналды оқыту және дамыту бөлімінің басшысы Назым Мұқашева.

Түлектердің болашақ жұмыс орнына үйренуі оңай болу KAZ Minerals Екібастұз политехникалық колледжіне тау-кен өндірісінің алғы шептерінде қолданылатын озық техниканы жеткізбек.

"Біз тау-кен өндірісінде жұмыс істейтін мамандарды дайындауды жоспарлаудамыз", - дейді Қанат Қоянбаев.

Оқу орнының жетекшісі білікті ұстаз табудың қиын болып тұрғанын атап өтті. Колледж бұл мәселені демеушімен және әлеуметтік серіктестермен бірлесе отырып шешуге ниетті.

KAZ Minerals — Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші. KAZ Minerals Bozshakol жобасы кенді 2015 жылы өндіре бастады. Жалпы KAZ Minerals Bozshakol кәсіпорнында 1900-ден жұмысшы бар, оның ішінде 358 маман карьерде жұмыс істейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная