Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды

Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды Midjourney нейрожелісі

Екібастұз тұрғыны бейтаныс біреудің оның шотынан шамамен 13 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұз тұрғыны бейтаныс біреудің оның шотынан шамамен 13 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімінде емделген. Онымен бірге палатада бірнеше науқас болды, олардың барлығын тергеуші жауап алған.

"Нәтижесінде жас әйел анықталды, ол зейнеткердің "Каспи" мобильді қосымшасындағы шотына кіріп, ақшаны жымқырған. Әйел ұрлығы ашылып, оны тауып алады деп ойламағанын мойынады", - делінген полиция хабарламасында.

Реклама
Реклама

Полиция ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама