Елена Рыбакина финалда 1,2 миллион доллар үшін бақ сынайды

Елена Рыбакина финалда 1,2 миллион доллар үшін бақ сынайды Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалында украиналық Элина Свитолинаны жеңді. Матч 1 сағат 47 минутқа созылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық теннисші қарсыласын екі сетте жеңді - 7:5, 6:4.

Индиан-Уэллс турнирінің финалында Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.

Реклама
Реклама

Турнир жеңімпазы 1 201 125 доллар (585 миллион теңгеден аса) сыйақы алады.

Индиан-Уэллс турнирінің жалпы жүлде қоры - 18 831 450 доллар (9,4 миллиард теңгеден асады).

Еске салайық, бұған дейінгі кезеңде Елена Рыбакина америкалық Джессика Пегуланы жеңген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама