Елена Рыбакина Майамидегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина Майамидегі WTA-1000 турнирінің ширек финалына шықты Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемнің екінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1/8 финалда оған аустралиялық Талия Гибсон (WTA №68) қарсылас болды. Кездесу 1 сағатқа созылып, Рыбакинаның екі сетте 6:2, 6:2 есебімен жеңісімен аяқталды.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы америкалық Джессика Пегула (WTA №5) болады. Ол румыниялық Жаклин Кристианнан (WTA №36) 6:4, 6:1 есебімен басым түсті. Ойын 25 наурызда өтеді.

Реклама
Реклама

Рыбакина турнирді екінші айналымнан бастап, алғашқы матчінде Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцеваны (WTA №75) 6:3, 6:3 есебімен жеңді. Одан кейін Елена украиналық Марта Костюктің (WTA №28) қарсылығын 6:3, 6:4 есебімен еңсерді.

Miami Open турнирі 17-28 наурыз аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры - 18 831 450 долларды (шамамен 9,08 миллиард теңге). Ал жекелей сындағы жеңімпаздар 1 151 380 доллардан (555 миллион теңгеден астам) алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама