Елена Рыбакина Уимблдондағы келесі қарсыласы туралы айтты

viewings icon 452
comments icon 0
Фото: ktf.kz Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші раундындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші раундындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен өте жақсы ойнадым және өз ойыныма өте ризамын. Басынан аяғына дейін жинақы болдым. Мен өзімді әлдеқайда сенімді сезінемін. Ал жабық шатырда өткен екінші матчта өзімді әлдеқайда жақсы сезіндім, ол кезде де басынан бастап жақсы ойнадым.

Менің келесі қарсыласым өте күшті. Бірнеше рет ойнадық, бірақ көгалда емес. Ол әккі ойыншы. Сондай-ақ солақай, оңай емес. Ол күрескер. Өте қиын болайын деп тұр. Иә, мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысамын және барынша дайындаламын", - деді Рыбакина баспасөз мәслихатында.

Елена Рыбакина 1/8 финалда Бразилия өкілі Беатрис Хаддад-Майямен кездеседі. Айта кетейік, дәл қазір Елена өзіне 180 рейтингтік ұпай мен 207 мың еуро жүлде ие болды (100,4 миллион теңге).

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная