Елімізде 2025 жылғы ҰБТ-ның соңғы кезеңі басталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды, ол 14 тамызға дейін жалғасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тестілеуге қатысу үшін 28 мыңға жуық өтініш қабылданды. ҰБТ-ға қатысушылардың 65%-ға жуығы қазақ тілінде, 35%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тест тапсыруға ниет білдірді.

Өткізудің бірінші күні 2,2 мың адам ҰБТ тапсырады.

Реклама
Реклама

Тамыздағы ҰБТ-ға ағымдағы және былтырғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық мамандықтардан басқа мамандықтарға, басқа мамандықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы келетін студенттер және жоғары оқу орындарына шартты түрде қабылданған студенттер қатысады.

ЖОО-да ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды жоо-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

Естеріңізге сала кетсек, тамыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz 25 шілде мен 5 тамыз аралығында жүргізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама