Елордада үйіне келе жатқан ер адам күтпеген оқиғаға тап болды

Видеодан алынған кадр

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға елорда тұрғыны хабарласқан. Тұрғын өзін тонап, iPhone телефонын тартып алып кеткен күдікті туралы шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полицияға елорда тұрғыны хабарласқан. Тұрғын өзін тонап, iPhone телефонын тартып алып кеткен күдікті туралы шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, ол кафеге барған соң үйіне қайтып келе жатқан. Дүкенұлы көшесінде оған бір жас жігіт келіп, ұялы телефонын беруін талап етеді. Бас тартқан тұрғынды жас жігіт ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған.

Реклама
Реклама

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің кім екенін анықтады. Ол ұрланған телефонды өтіп бара жатқан адамға сатып жібергені де белгілі болған. Алайда полиция қызметкерлері айғақты зат – ұялы телефонды тауып тәркілеп, иесіне қайтарды.

Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная