Енді жағдайы жақсы көпбалалы отбасыларға мемлекеттен көмек көрсетілмейді

Айжан Калиева Корреспондент
Фото ©️Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет кулуарында Еңбек министрі Светлана Жақыпова елімізде жағдайы бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қолдау көрсетпеу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында Еңбек министрі Светлана Жақыпова елімізде жағдайы бар көпбалалы отбасыларға мемлекеттен қолдау көрсетпеу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі – төрт айлық аралық минимумды құрайтын болса (шамамен 200 мың теңге), екі және одан да көп автокөлігі, екі және одан да көп жылжымайтын мүлкі бар отбасы – әлеуметтік жағдайы жоғары деп есептеліп, көпбалалы болса да біржолғы төлем алмайды. Мектеп формасы, сөмек, қағаз-қалам сынды қолдау көмектері берілмейді", - деп мәлімдеді Үкімет кулуарында Еңбек министрі.

Сондай-ақ, Жақыпова елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі жаңа әдістеме бойынша есептеліп жатқанын айтты.

Реклама
Реклама

"Өткен жылы Еңбек министрлігінде ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі әзірленді. Оның негізіне еңбек өнімділігі көрсеткіштері, жалақының медиандық мөлшері және сәйкесінше инфляция көрсеткіштері алынуы тиіс", – деді министр.

Оның айтуынша, есептеулермен үш институт айналысып жатыр, зерттеулер әлі аяқталған жоқ.

Айта кетейік, республикалық бюджетте 2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болып белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама