Ғалымдар 2026 жылғы алғашқы магнит дауылы туралы ескертті

Ғалымдар 2026 жылғы алғашқы магнит дауылы туралы ескертті Фото:depositphotos.com

2026 жылғы алғашқы магнит дауылы 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2026 жылғы алғашқы магнит дауылы 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толығырақ мәліметті ИКИ РАН-ның Күн астрономиясы зертханасы айтты. Ғалымдардың дерегінше, 31 желтоқсанда M7.1 деңгейіндегі жеткілікті күшті күн жарқылы болған.

"Жарқыл массаның шығарылуымен қатар жүрді, оның бір бөлігі Жер бағытына қарай бағытталған. Есептеулерге сүйенсек, бұл 2 қаңтардан 3 қаңтарға қараған түні жылдың алғашқы айқын магнит дауылына себеп болады. Дауыл деңгейі G2-ге дейін (орташа құбылыс) болады деп болжанып отыр. Ал G3 және одан жоғары күшті дауыл ықтималдығы шамамен 30 пайыз", - делінген ұйымның сайтындағы хабарламада.

Реклама
Реклама

Жалпы алғанда, ғалымдардың айтуынша, қаңтардың алғашқы күндеріне арналған геомагнит болжам әзірге жеткілікті түрде қолайлы. Болжамды едәуір өзгертуі мүмкін фактор - жаңа күшті күн жарқылдарының болуы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама