Ғарышкер Талғат Мұсабаев өмірден өтті

Айжан Калиева Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Талғат Амангелдіұлы үш мәрте ғарышты бағындырған, ашық космосқа шығып, айтулы ерлігімен еліміздің атын әлемге танытқан батыр тұлға еді. Отандық аэроғарыш саласын дамытуға бар күш-жігерін жұмсап, еселі еңбек етті. Сенат депутаты және қоғам қайраткері ретінде көптеген игі іске бастамашы болды. Кәсіби біліктілігімен, айналасына сыйлы азаматтық қалпымен халықтың құрметіне бөленген Талғат Амангелдіұлының жарқын бейнесі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.

Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Фабричное ауылында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты, техника ғылымдарының докторы. 2007–2016 жылдары ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, 2017–2023 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болған.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама