Головкинге төрт титул сарапқа салынатын жекпе-жек ұсынылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Головкинге төрт титул сарапқа салынатын жекпе-жек ұсынылды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло тағы да IBF және IBO титулдарын иеленген қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

WBC бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло тағы да IBF және IBO титулдарын иеленген қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, егер Головкин желтоқсанда орта салмақтағы WBA Super чемпионы жапондық Риота Муратты жеңсе, олардың бірлескен жекпе-жегін 2022 жылы ұйымдастыруға болады.

"Менің ұсынысымды бағаламайды деп ойламаймын, бірақ мен үшін одан да маңызды жекпе-жектер бар. Деметриус Андраде біздің жекпе-жек туралы бірдеңе айтады, Геннадий Головкин белдікті біріктіргісі келеді. Сондықтан біз осы титулдар үшін күресуіміз мүмкін. Бұл мегафайт болар еді. Егер Головкин Муратты жеңіп, титулдарды біріктірсе, онда біз де онымен біріге алар едік.

Канело-Калеб Плант жекпе-жегінің жеңімпазы да жарайды. Мегакелісімге келе аламыз деп үміттенемін", - деді Чарло PBC Podcast-қа берген сұхбатында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Головкин DAZN стримингтік қызметімен жапондық Риота Муратаның сол дивизионда WBA "суперчемпионына" қарсы жекпе-жек өткізуге келіскені хабарланған болатын. ESPN хабарлауынша, біріктірілген жекпе-жек 29 желтоқсанда Жапонияда 37 000-шы Saitama Super Arenaда өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама