“Гренландиядан қолыңды тарт!“: Данияда жаппай наразылық өтті

Сұлу Бөлек Корреспондент
“Гренландиядан қолыңды тарт!“: Данияда жаппай наразылық өтті Douche Welle

Данияда сенбіде мыңнан аса даниялық Гренландияның егемендігін қолдау мақсатында шеруге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Данияда сенбіде мыңнан аса даниялық Гренландияның егемендігін қолдау мақсатында шеруге шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.

Бұл наразылық жұмада Трамптың Данияға автоном аумақ болып саналатын, пайдалы қазбаларға бай Гренландияны "басып алу" жоспарларына қарсы шығатын елдердің тауарларына "баж салығын енгізуі мүмкін" екенін ескерткенінен кейін өтті.

Наразылық Копенгагенге АҚШ Конгресінің екі партия өкілдерінен құралған делегациясының сапарымен тұспа-тұс келді. Делегация көптеген америкалықтың Трамп әкімшілігінің соғысшыл мәлімдемелерімен келіспейтінін ашық білдірді.

Реклама
Реклама

Дания мен Гренландияның жалауларын желбіреткен наразылық білдірушілер Копенгаген қалалық әкімдігі ғимаратының алдында қызыл мен ақ түске боялған қалың нөпірге айналды. Олар "Калааллит Нунаат!" деп ұрандатты - бұл инуит тілінде алып арктикалық аралдың атауы.

"Мақсат - Гренландия демократиясына және адам құқықтарының негізгі қағидаттарына құрмет білдіретін айқын әрі біртұтас белгі жолдау", - делінген Даниядағы гренландиялықтар қауымдастығы Uagut ұйымының сайтында.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, АҚШ-тың "Гренландияға бақылау орнатуға бағытталған заңсыз жоспарларына" қарсы наразылық ретінде Гренландия астанасы Нуукта да осындай шеру өткізу жоспарланған.

2025 жылғы қаңтарда жарияланған соңғы сауалнамаға сәйкес, Гренландия тұрғындарының 85 пайызы аумақтың АҚШ-қа қосылуына қарсы. Тек 6 пайызы ғана қосылуды қолдаған.

АҚШ Демократиялық партиясының сенаторы Крис Кунс Трамп әкімшілігінің ұстанымын ақтайтындай Гренландия қауіпсіздігіне ешқандай қауіп жоқ екенін мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың кеңесшісі Стивен Миллер Fox News арнасында Дания өзіне қарасты егемен арктикалық аумақты қорғау үшін тым шағын ел екенін айтқан болатын.

"Қазір Гренландия қауіпсіздігіне тікелей төнетін қауіп жоқ. Бірақ біз климаттың өзгеруі, теңіз мұзының азаюы және кеме қатынасы бағыттарының өзгеруі салдарынан Арктиканың болашақтағы қауіпсіздігіне қатысты алаңдаймыз", - деді АҚШ Демократиялық партиясының сенаторы Крис Кунс Копенгагенде баспасөзге.

Трамп Данияны оның пікірінше, Гренландия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті әрекет етпей отыр деп, бірнеше рет сынаған.

Ұлыбритания, Финляндия, Франция, Германия, Нидерланд, Норвегия және Швеция Арктикадағы болашақ оқу-жаттығуларға дайындық үшін аз мөлшерде әскери қызметкер жіберетіндерін мәлімдеді.

17 қаңтарда АҚШ президенті "АҚШ-тың Гренландияға бақылау орнатуына қарсы әрекет етеді" деген сегіз еуропалық елге қарсы 1 ақпаннан бастап 10 пайыз, ал 1 маусымнан бастап 25 пайыз баж салығын енгізетінін жариялады.

Жаңа тариф 1 ақпаннан бастап Дания, Норвегия, Швеция, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланд және Финляндияға қатысты қолданылады. Егер аралды сату туралы келісімге қол жеткізілмесе, онда мөлшерлеме 25 пайызға дейін өседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама