Хасан Қасымбаев ісі: соттың өтетін орны мен күні белгілі болды

Айжан Калиева Корреспондент
Кадрлер видеодан

Бірнеше ауыр бап бойынша айыпталған Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот тыңдауларының қашан басталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше ауыр бап бойынша айыпталған Хасан Қасымбаевтың ісі бойынша сот тыңдауларының қашан басталатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғар аудандық сотының мәліметінше, Қасымбаев ісі бойынша алғашқы тыңдау 20 тамызда өтеді. Іс Талғар аудандық сотында қаралады.

Еске салайық, Талғар тұрғындары "Хутор бригадасының" басшысы деп атайтын Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 5 қарашасында қамауға алынған еді. Полиция дерегінше, Қасымбаев 2021 жылдың маусымында Талғарда ММА жаттықтырушысын топ болып ұрлау және соққыға жығу оқиғасына қатысы болуы мүмкін.

Реклама
Реклама

Хасан Қасымбаевқа тағылған айыптар

Бұған дейін оған адам ұрлау, қасақана ауыр дене жарақатын салу және қорқытып алу фактілері бойынша тергеу басталған.

Жәбірленушілердің бірі – Әлішер Алишевтің адвокатының айтуынша, оған ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару бабы бойынша айып тағылмаған. Сондай-ақ бұған дейін Қасымбаев ісінде тағы бір жәбірленуші пайда болғаны хабарланған.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың (Полат) резонансты өліміне байланысты да аталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама