Илон Маск Еуропаның жақын арада жойылу қаупі барын ескертті

x.com/elonmusk

Илон Маск Еуропадағы демографиялық мәселелерге тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Илон Маск Еуропадағы демографиялық мәселелерге тағы да пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Туу көрсеткіші халықты толықтыру деңгейіне жетпесе, Еуропа жойылады", – деп жазды кәсіпкер X желісінде.

Бұл мәлімдемесін ол АҚШ сенаторы Майк Лидің жазбасына жауап ретінде айтты. Сенатордың дерегінше, Шотландияда 2025 жылғы қаңтар-шілдеде 26,3 мың бала туған, ал қайтыс болғандар саны 35,2 мың болған.

Реклама
Реклама

"Өлім-жітім дүниеге келгендерден 34 пайызға көп", – деді саясаткер.

Еуростат деректеріне сай, 2023 жылы ЕО елдерінде 3,67 млн сәби дүниеге келген, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,4 пайызға аз. Бұл – 1961 жылдан бергі құлдырау. Әйелдердің алғаш рет ана болу жасының орташа көрсеткіші 29,8 жасқа жетіп, туу коэффициенті әр әйелге шаққанда 1,38 балаға дейін төмендеген.

Еуропадағы туу деңгейінің төмендеуі 2008 жылдан бері байқалып келеді. Сарапшылар мұны пандемия салдарымен, шығындардың өсуімен, инфляциямен және климаттың өзгеруіне байланысты алаңдаушылықпен түсіндіреді.

Былтыр да Маск Германия мен жалпы Еуропа халқының төмен туу көрсеткішінен жойылу қаупінде тұрғанын ескерткен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама