Илон Маск жаңа мессенджерді әзірлеп жатқанын айтты

Фото:depositphotos.com

Илон Маск тағы да Джо Роган подкастының қонағы болды. Әңгіме барысында ол X компаниясы X Chat деп аталатын жеке хабарлама алмасу қолданбасын әзірлеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК Криптоға сілтеме жасап.

Масктың айтуынша, мессенджер биткоинде қолданылатынға ұқсас шифрлау жүйесін пайдаланады. Қолданба бірнеше айда іске қосылады.

"X-та (бұрынғы Twitter) біз хабарлама алмасу жүйесін толық жаңарттық - енді ол X Chat деп аталады. Қолданушылар арасындағы тікелей алмасуға (peer-to-peer) негізделген шифрлау жүйесін қолданамыз, бұл біршама биткоиндікіне ұқсайды. Өте сенімді шифрлау, біз оны мұқият сынап жатырмыз", - деді Маск.

Реклама
Реклама

Ол сондай-ақ X Chat пайдаланушылар деректерін жарнама берушілерге жинамайтынын және бермейтінін мәлімдеді.

Маск бәсекелестерін, әсіресе WhatsApp-ты, нысаналы жарнама көрсету үшін хат алмасуларды талдайды деп сынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама