inDriver-дің негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды

Фото: Tengrinews.kz

inDriver такси қызметінің негізін қалаушы, якутиялық кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы оның өзі сенбіде, 2 желтоқсанда Alternativa кино байқауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында Томскийдің сөйлеген сөзінің үзіндісін жариялады.

Реклама
Реклама

"Әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанды. Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді", - деп жазды министр.

Арсен Томский 2022 жылдың күзінде берген сұхбатында компания кеңсесінің Якутскіден Алматыға көшуі, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі және 2016 жылы Қазақстанда жолаушылар тасымалының онлайн-агрегаторы не себепті бұғатталғаны туралы айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама