Иран АҚШ пен Израиль соққыларының салдары туралы мәлімдеді

Иран АҚШ пен Израиль соққыларының салдары туралы мәлімдеді Видео кадры

Иранда АҚШ пен Израильдің мұнай қоймаларына жасаған соққыларының салдары туралы мәлімделді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иранда АҚШ пен Израильдің мұнай қоймаларына жасаған соққыларының салдары туралы мәлімделді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Иранның Мұнайды өңдеу және тарату ұлттық компаниясы әуе соққылары Тегеран мен Альборз аймағындағы мұнай қоймаларына жасалғанын хабарлаған.

Парламенттің энергетика жөніндегі комиссиясының өкілі Исмаил Хосейни соққы тек төрт жанармай сақтау нысанына тигенін нақтылады.

Реклама
Реклама

"Бұл шабуылдар тек төрт мұнай қоймасына жасалды. Алдын ала қабылданған қауіпсіздік шараларын, сондай-ақ елдегі басқа да қоймалардың бар екенін ескерсек, бензин мен энергиямен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты еш алаңдауға негіз жоқ. Халыққа жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезекке тұрудың қажеті жоқ", - деп келтіреді ILNA агенттігі Хосейнидің сөзін.

Иран билігінің мәліметінше, зақым жекелеген инфрақұрылым нысандарына ғана тиген. Алайда елде резерв қуаты мен қосымша жанармай қоймалары жұмыс істеп тұр.

Еске салайық, бұған дейін Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның мұнай инфрақұрылымына алғашқы әуе соққылары жасалғанын хабарлаған еді. ЦАХАЛ өкілінің айтуынша, Тегеранда кемінде 30 мұнай резервуары нысанаға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама