Иран елдің әскери басшылығы қатарында қаза тапқандар көп екенін мәлімдеді

Иран елдің әскери басшылығы қатарында қаза тапқандар көп екенін мәлімдеді Фото:depositphotos.com

Иран кеше Израиль мен АҚШ жасаған шабуылдар салдарынан елдің жоғары лауазымды офицерлерінің қаза тапқаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иран кеше Израиль мен АҚШ жасаған шабуылдар салдарынан елдің жоғары лауазымды офицерлерінің қаза тапқаны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

IRNA агенттігінің мәліметінше, Қорғаныс кеңесінің хатшысы, адмирал Әли Шамхани мен Ислам революциясы сақшылары корпусының бас қолбасшысы, генерал-майор Мұхаммад Пакпур қаза тапқан.

Сондай-ақ, БАҚ-та республика қорғаныс министрі Әзиз Насирзаде, Қарулы күштер Бас штабының бастығы Абдулрахим Мусави және Барлау министрлігінің қолбасшыларының бірі Хаж-Мұхаммад Басеридің де қаза тапқаны тарап жатыр.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Иранда жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеидің қазасы расталған еді. Осыған жауап ретінде Ислам революциясы сақшылары корпусы "Иран қарулы күштері тарихындағы ең жойқын шабуыл операциясын" бастауға уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама