"Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болды

Видео кадры

"Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болды. Куәгерлердің сөзінше, жігіт сахнада тұрған кезінде кенет құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болды. Куәгерлердің сөзінше, жігіт сахнада тұрған кезінде кенет құлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.

"Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз. Бірақ бәрі бекерден бекер емес. Бізге қатты ауыр. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол көз жұмды. Сондықтан қазір сіздердің алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз", - дейді топ мүшелерінің бірі.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz редакциясы марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама