Жамбыл облысында 19 медициналық нысан пайдалануға берілді

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысында 2023 жылы 3,2 миллиард теңгеге 24 медициналық нысанның құрылы жүргізіліп, оның 10-ы (1,7 миллиард теңге) "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы аясында жүзеге асырылды. Жыл қорытындысымен 19-ы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 1,5 миллиард теңгеге 11 нысан күрделі жөндеуден өтті.

Өткен жылдың басында құны 14,1 миллиард теңгені құрайтын облыстық онкологиялық диспансер ашылды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Меркі ауданында гинекология, ЦСО, инфекциялық, балалар, қабылдау бөлімшелерін қайта құру жобасы іске асырылды.

Ал Байзақ ауданы Абай ауылында 20 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория, Байзақ ауылында 30 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Жуалы аудандық ауруханасының негізгі ғимараттарына қосымша құрылыс жүргізілді.
Шу қаласындағы емхана ғимараты қайта жаңартудан өтіп, Төле би ауылында 48 орындық балаларды оңалту орталығы ашылды.

"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" Ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдар аралығында облыста 30 нысанның (2023 жыл 10 нысан, 2024 жылы 20 нысан) құрылысын жүргізу жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама