18 желтоқсан 2023 | 15:16

Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде адамдардың қаза тапқаны рас па?

Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5 мыңға жуық адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Төтенше жағдай кезінде Жамбыл облысының автожолдарында қар құрсауында қалған 5 мыңға жуық адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, құтқару шараларына жергілікті атқарушы органдар, Төтенше жағдайлар министрлігі, полиция департаментінің күштері, Қорғаныс министрлігінің әскерилері мен жол қызметкерлері қатысты.

Адам өліміне қатысты ақпарат тіркелген жоқ.

Реклама
Реклама

"Құрметті тұрғындар, сіздерден тек ресми ақпараттарға сенулеріңізді сұраймыз! Әлеуеметтік желілерде (белгілі парақшаларда) таралып жатқан Жамбыл облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың тізімі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабы бойынша көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жаза қарастырылғанын еске саламыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная