Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды instagram.com/janibek_alimkhanuly/

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінде титулды міндетті түрде қорғауы керек,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

IBF және WBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегінде титулды міндетті түрде қорғауы керек,, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Mo Boxing No Problem басылымы мәліметінше, қазақстандықтың келесі қарсыласы жақында IBF титулына міндетті бәсекелесі жаңазеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 КО) болмақ. Олардың жекпе-жегі 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) өтеді.

Бұл ретте Әлімханұлы америкалық кіші Шейн Мослимен (21-4, 12 КО) жұдырықтаса алар еді. Тараптар келіссөздер жүргізді, бірақ нәтиже болмады. Кіші Мозели Golden Boy промоутерлік компаниясымен жұмыс істейді және орта салмақтағы WBO NABO титулына ие. Ол - бұрынғы әлем чемпионы Шейн Мозлидің ұлы.

Реклама
Реклама

Әлімханұлы орта салмақтағы WBC чемпиондық белбеуінің "уақытша" иегері доминиканалық Карлос Адамеспен (23-1, 18 КО) да келісімге келуге тырысты.

"Мен Жәнібектің Адамеспен жекпе-жек өткізгісі келетінін білемін, бірақ өткен аптада маған бұл жекпе-жек болмайтыны айтылды", - деп жазды Boxingscene.com журналисі Лэнс Пугмир.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама