Жарақат алды: сингапурлық әйел Іле-Алатау паркінен эвакуацияланды

Видео кадры

Сингапурлық әйел Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан "Герань алаңы" маңында түрлі жарақаттар алған. Әйел адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сингапурлық әйел Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орналасқан "Герань алаңы" маңында түрлі жарақаттар алған. Әйел адам эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

18 шілдеде кешке зардап шеккен азаматшаны эвакуациялау үшін "БАУ" бақылау-құтқару бекетінен бес адамнан құралған құтқарушылар тобы мен бір техника жіберілді.

Сағат 18:30-да құтқарушылар оқиға орнына жетіп, зардап шеккен әйелге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіп, оны төменге қарай тасымалдауды бастады. Кейінірек әйелді ауруханаға жеткізу үшін "Аюсай" визит-орталығынан жоғары орналасқан шлагбаум маңына жедел жәрдем тобы шақырылды.

Реклама
Реклама

Құтқару қызметі туристерге таулы жерлерге сапар шеккенде қауіпсіздік шараларын сақтауды және алдын ала жақындарын немесе жедел қызметтерді жоспарланған маршрут туралы хабардар етуді ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама