04 тамыз 2024 | 10:05

Жауын-шашын, ыстық: 4 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазгидромет 4 тамыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазгидромет 4 тамыз, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елдің батысында күндіз ауа температурасының +41°С дейін көтерілуі күтіледі, оңтүстік-батыста +40+45°С, қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді.

"Қазақстанның басым бөлігінде найзағай мен жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек оңтүстік, елдің орталығы жауын-шашынсыз өтеді. Республика бойынша желдің күшеюі, бұршақ күтіледі, ал солтүстік, шығыс облыстарда, ҚР оңтүстік-батысында, солтүстігінде түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күндіз Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде аптап ыстық күтіледі.

"Алматы, Қарағанды облыстарында, Жетісу, Абай облыстарында, шығыста, оңтүстікте, Ақтөбе қаласының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының орталығында, Ұлытау облысының басым бөлігінде, Павлодар облысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады", - деп түсіндірді Қазгидрометте.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Атырау оңтүстік бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе оңтүстігінде, батысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының орталығында, Жамбыл облысының басым бөлігінде, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная