Желіде Дональд Трампқа ұқсайтын зейнеткердің видеосы тарады

Видео кадры

Желіде АҚШ президенті Дональд Трампқа ұқсайтын зейнеткердің видеосы тарады. Ол Ресейдің Пермь қаласындағы аялдамада кадрға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятница" басылымына сілтеме жасап.

Желіде АҚШ президенті Дональд Трампқа ұқсайтын зейнеткердің видеосы тарады. Ол Ресейдің Пермь қаласындағы аялдамада кадрға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Пятница" басылымына сілтеме жасап.

Трампқа ұқсайтын әжей түскен видео бірден тарап кетті. Оның авторы - жергілікті тұрғын Евгений Сажин.

Реклама
Реклама

"Перміде Дональд Трампты кездестіру мүмкіндігі аз, бірақ бәрі мүмкін", - дейді ол.

Сажин әжейді автобус аялдамасында жолықтырған.

- Сіз өзіңіздің Дональд Трампқа ұқсайтыныңызды байқадыңыз ба? - деп әйелге тіл қатады ол.
- Қойыңызшы! - деп жымия жауап береді әйел.
- Мүлдем? - деп қоймайды жергілікті тұрғын. - Өте ұқсайсыз. Әрине, әйел түрі секілдісіз. Бірақ ұқсайсыз.
- Шашым ағарған ғой, әрине, - деп келіседі әйел.
- Жоқ, ол да сымбатты, сіз де сондайсыз! - деді Сажин.

Осы уақытта әлеуметтік желі қолданушылары "мына әйел Трамптың өзінен де қатты ұқсайды" және "Трамп әлемдегі әжелердің жартысына ұқсайды" деп әзілдейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама