“Жеті шақырым жүріп өткен“ - таңғы 5-те тасжолда жалғыз жүрген бала табылды

“Жеті шақырым жүріп өткен“ - таңғы 5-те тасжолда жалғыз жүрген бала табылды Бейнеден/Instagram-нан алынған кадрлар

Павлодар облысының Баянауыл ауданында полицейлер тоғыз жастағы балаға көмектесті. Таңғы сағат бестер шамасында патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары жолдың бойында үлкендердің қарауынсыз жалғыз келе жатқан баланы байқап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Полицейлер тоқтап, баланың есімі мен қайда бара жатқанын сұраған. Алайда ол қай жерде жүргенін және қайда бет алғанын түсіндіре алмады. Тәртіп сақшылары баланы қызметтік көлікке отырғызып, жол-жөнекей үйін немесе ата-анасы демалып жатқан жерді көрсетіп қалар деген үмітпен полиция пунктіне қарай бет алған.

"Бала жазғы демалыста ата-анасымен бірге Жасыбай көліне келгені анықталды. Таңғы сағат төрт шамасында әкесі жұмысқа кеткен. Оянған бала анасы ұйықтап жатқанда әкесінің соңынан бармақ болады. Қауіпті сезінбеген ол жеті шақырымдай жол жүріп, тасжолдың бойында жалғыз қалған. Баланы байқаған бойда бірден ата-анасын іздестіруге кірістік. Қуанышқа орай, бәрі ойдағыдай болды", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Жарнама
Жарнама

Баспасөз қызметінің сөзінше, мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында анасымен және баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Баланың анасы полицейлерге алғыс айтты.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама