Жетісу облысында дүкенде жарылыс болып, үш адам зардап шекті

Жетісу облысында дүкенде жарылыс болып, үш адам зардап шекті Видео кадры

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ дерегінше, оқиға 15 ақпанда сағат 18:45 шамасында болған

Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел жеткен. Төтенше жағдайға байланысты 27 жеке құрам, 6 техника жұмылдырылған.

Реклама
Реклама

Жарылыс салдарынан қабырға мен шатырдың бір бөлігі құлап, 36 шаршы метр аумақ зақымданды.

3 адам зардап шегіп, тексерістен кейін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ауылдық әкімдік әлеуметтік желіде тұрғындарға дүкенде болған жарылыс салдарынан бірнеше көшеде су уақытша болмайтынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама