Жезқазғанда мұнай базасы өртке оранды: зардап шеккендер бар

Фото: видео кадры

Жезқазғандағы мұнай базасында жарылыс болып, арты ірі өртке ұласты. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезқазғандағы мұнай базасында жарылыс болып, арты ірі өртке ұласты. Зардап шеккендер бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жезқазған қаласында орналасқан мұнай базаларының бірінің аумағында арнайы мақсаттағы 3 автокөлік өрттенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін газ-ауа қоспасы жарылып, ангардың қабырғалары қирады", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ қызметкерлері өртті ауыздықтады. Жедел штаб жанармайы бар резервуарды салқындату арқылы қорғау үшін есептеулердің бірін жіберу туралы стратегиялық шешім қабылдады.

Реклама
Реклама

Жану орнына жақын тұрған гидранттарға автоцистерналарды орналастыра отырып, өртсөндірушілер көбік шабуылының көмегімен өртті 100 шаршы метр алаңда сөндірді.

Өрт салдарынан мұнай базасының 4 қызметкері ауруханаға жатқызылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама