Жоғалған әскери тікұшақтың сынықтары табылды - ТЖМ

ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары әуе кемесінің фрагменттерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖМ құтқарушылары әуе кемесінің фрагменттерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елді мекені аумағында байланыс үзілген Қазақстан Республикасы Әуе қорғаныс күштерінің тікұшағына қатысты оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын тәулік бойы жалғастырып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Командалық орталығында жүргізілген ғарыштық мониторинг барысында Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясында майлы дақтың болуы мүмкін екені анықталды.

Реклама
Реклама

ТЖМ құтқарушылар тобы шұғыл түрде бұл аймаққа шықты. Іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Жұмыс барысында Қорғаныс министрлігіне тиесілі болуы мүмкін әуе кемесінің фрагменттері табылды.

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Арнайы жабдықтар пайдаланылып жатыр: эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамнан 200-ге жуық адам, 40 бірлік техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық есептоп және 2 ТЖМ әуе кемесі тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама