Жүгерінің арасынан есірткі плантациясы табылды: ІІМ арнайы операция өткізді

Видео кадры

Алматы облысында жүгері алқабының арасынан үлкен есірткі плантациясы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы облысында жүгері алқабының арасынан үлкен есірткі плантациясы табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбекшіқазақ ауданында жүргізілген арнайы операция кезінде есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен ҰҚК қызметкерлері жүгері арасынан 233 түп қарасораны анықтаған. Сондай-ақ маңындағы лашықтан келесі егіске арналған ондаған тұқым табылған.

Сарапшылардың айтуынша, тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 49 келіден асқан. Жер телімінің иесі - 36 жастағы жергілікті тұрғын. Ол ұсталып, Шелек полициясына жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
Реклама

Полиция ескерткендей, мұндай "өнім" ауыл шаруашылығы емес, ауыр қылмыс ретінде бағаланады.

Бұған дейін Президент Қазақстандағы нашақорлықтың ауқымы туралы пікір білдіріп, онымен қоғамның белсенді қатысуынсыз күресу мүмкін емес екенін атап өткен. Сонымен қатар, Үкіметке, өңір әкімдеріне және жауапты мемлекеттік органдарға шараларды күшейтуді тапсырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама