ПОДЕЛИТЬСЯ
22 маусым 2024 | 11:43
Журналист Садықовқа қастандық жасағандардың бірі ішкі істер органдарына өзі келді
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Бас прокуратурамен ағымдағы жылдың 18 маусымында Киев қаласында орын алған А. Садыковты өлтіруге оқталу дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Украинаның құқыққорғау органдары жеделдігі мен кәсібилігін көрсете отырып, қысқа мерзімде осы қылмысты жасаған тұлғаларды анықтады.
Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жаканбаев пен Каратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады.
"21 маусымда А.М. Жаканбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды. М. Каратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Тергеудің мүддесі орай басқа ақпарат жарияланбайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также