Қала күніне орай өткен “Ақтөбе-2025 марафонына“ 1300 адам қатысты

Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін қаламызда дәстүрге айналған "Ақтөбе-2025 марафоны" өтті. Жыл сайын өтетін іс-шараға биыл 1300 адам қатысты. Олар 3, 10 және 21 шақырымдық қашықтықтарда жарысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбеге 13-ші жыл сайынғы марафонға қатысу үшін Қарағанды, Орал, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ресейдің Орынбор және Орск қалаларынан марафоншылар келді. Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет те жарыс жолағын жүгіріп өтті. Ол мәреден кейін барша қатысушыларды Қала күнімен құттықтап, біздің қаламыздағы бұқаралық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты.

Реклама
Реклама

Жас та, қарт та таңертең осы марафоннан табылды. Жарыстың ең кішкентай қатысушысы - 10 жаста, ал жасы үлкен қатысушы Жұмабай Утарғалиев — 70 жаста. Ол Ақтөбе қаласының тұрғыны, көп жылдар бойы түрлі марафондарға қатысып келеді. Оның айтуынша, соңғы жылдары жастардың спортпен көп шұғылданатыны қуантады.

"Өскелең ұрпақтың рухы мықты болсын десек, біз әркез өзіміз үлгі болуымыз керек. Спортқа баулу арқылы жастарға жақсы әдеттерді сіңіруіміз керек", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама