Қамшыбек Тәшиевтің сыныптасы да қызметінен босатылды

Қамшыбек Тәшиевтің сыныптасы да қызметінен босатылды 24.kg

Қырғызстанда Экономика және коммерция министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметінің төрағасы ауысты. Бұған дейін бұл қызметті бұрынғы ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің сыныптасы Жеңалы Орозбаев басқарған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Қырғызстанда Экономика және коммерция министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметінің төрағасы ауысты. Бұған дейін бұл қызметті бұрынғы ҰҚМК төрағасы Қамшыбек Тәшиевтің сыныптасы Жеңалы Орозбаев басқарған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media-ға сілтеме жасап.

Ведомствоның жаңа төрағасы болып Айбек Мамыралиев тағайындалды. Ол ұжымға таныстырылған.

Сондай-ақ, БАҚ Қамшыбек Тәшиевтің жақтастарының бірі ретінде аталған Нұрғазы Анарқұловтың ұсталғанын жазды. Ол Қазақстаннан Қырғызстанға кіреберістегі шекарада қолға түскен. Кей дерекке сүйенсек, Анарқұлов Қырғызстанда президенттің кезектен тыс сайлауын өткізуге қолдау білдіруге шақырған.

Реклама
Реклама

"Анарқұловтың үйінде тінту жүргізіліп, кейін ол Бішкек қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп жазады басылым.

Еске салайық, 10 ақпанда Қамшыбек Тәшиевтің Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды. Тиісті жарлыққа республика президенті Садыр Жапаров қол қойған.

Қырғызстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Садыр Жапаров "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекеттің бірлігін нығайту және қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында да, жікке бөлінудің алдын алу" екенін айтқан.

Алайда кейінірек президенттің баспасөз хатшысы шиеленісті Тәшиев емес, оның жақын айналасындағы адамдар туғызғанын хабарлады. Олар депутаттарға қоңырау шалып, "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастамалауға" үгіттеген.

Қамшыбек Тәшиев қызметінен тосыннан босатылуына пікір білдірген еді.

Кейін Қырғызстан ҰҚМК-нің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиев елден ұшып кеткені белгілі болды. Бұл туралы "Өңір" телеарнасының директоры Откурбек Рахманов мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама