ПОДЕЛИТЬСЯ
08 наурыз 2024 | 13:30
Қарағанды облысында 15 тәулікке қамауға алынған әкім қызметінен босатылды
Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдың әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаннан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысындағы Ғабиден Мұстафин атындағы ауылдың әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынғаннан кейін қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша мұндай шешімді Бұқар жырау ауданының әкімдігі қабылдады.
"Қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес, әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде 7 наурызда Бұқар жырау ауданының әкімдігі ауыл әкімі Ғабиден Мұстафинаны мемлекеттік қызметтен босату туралы қаулы қабылдады", - деп хабарлады аудан әкімдігі.
Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі әкімнің қызметтік тергеу барысында қызметтік этика нормаларының бұзылғанын мойындағанын да хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында Бұқар жырау ауданындағы ауыл әкімі 15 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен де айырылған еді. 2024 жылғы 3 ақпанға қараған түні жол полициясының қызметкерлері оны қызметтік көлігімен жүргенде ұстаған. Әкім мас болған.
Бұл бұрынғы әкімнің алғаш рет заң бұзуы емес екені белгілі болды. Ол бірнеше жыл бұрын қызметтік көлікті мас күйінде айдағаны үшін ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также