11 қараша 2023 12:31

Қарағанды ​​облысында 41 отбасыға 10 жылдық жалақы төленді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына он жылдық жалақы төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына он жылдық жалақы төледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифингте қаза болғандардың отбасына көрсетілген материалдық көмек туралы айтты.

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы 41 отбасыға 10 жылдық жалақы төледі. Қаза болған шахтерлердің, олардың жұбайларының, ата-аналары мен балаларының несиелері өтелді. Сондай-ақ, компания әрбір отбасына кемінде 18 шаршы метр пәтер сатып алуға міндеттенеді. Сақтандыру төлемдері, ЖОО-да 23 жасқа дейінгі балалардың оқу ақысы қарашада оқу мерзіміне төлене бастайды", - деді Ермағанбет Бөлекпаев.

Реклама
Реклама

Облыс басшысы қаза болған кеншілердің отбасыларына мемлекет тарапынан да қаржылай қолдау көрсетілгенін атап өтті. 46 отбасы БЖЗҚ-дан жерлеуге арналған бір реттік төлемге құжат алса, бүгінгі күні 42-сі төленді, қалғандары төлемді алып жатыр.

"Республикалық бюджеттен кәмелетке толмаған балалары мен жоғары оқу орындарында оқитын балалары бар 20 отбасына асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды. Сонымен қатар, қаза тапқан кеншілердің отбасыларына басқа да қолдаулар көрсетіледі", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram