27 мамыр 2023 | 09:50

Қарағанды ​​облысында ер адам ажырасу рәсімінде әйелін пышақтап өлтірді

Фото: zabor.zp.ua

Қарағанды ​​облысында ер адам ажырасу рәсімі өтіп жатқанда әйелін өлімші етіп жаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысында ер адам ажырасу рәсімі өтіп жатқанда әйелін өлімші етіп жаралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұқар жырау ауданының тұрғыны ажырасу рәсімі кезінде әйеліне пышақпен шабуылдаған. Оқиға облыстық АХАЖ бөлімінде болған. Жәбірленушінің дереу медициналық мекемеге жатқызылғаны, кейін ол сол жерде қайтыс болғаны белгілі болды.

Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная