24 ақпан 2024 14:38

Қарағанды ​​облысында үй өртеніп, бір отбасынан төрт бала қаза тапты

Қарағанды ТЖД

23 ақпанда Қарқаралы ауданының Талды ауылында 2 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйде 10 шаршы метр алаңда үй заттары, жиһаз, терезе және есік блоктары өртенді. Төтенше жағдай салдарынан 4 бала көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар омбудсмені Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Баланың үлкені 5-те, кішісі - 1,5 жаста. Өрт шыққан кезде балалар үйде жалғыз болған. Анасы мектепте мұғалім, әкесі құрылыс алаңында жұмыс істейді. Оқиға 23 қаңтар кешкілік уақытты болған", - деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Зардап шеккен отбасыға жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр.

Өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу іс-шаралары басталды, сараптамалар тағайындалды.

"Оқиғаның себептері мен жағдайлары анықталып жатыр", — деп мәлімдеді Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram