Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам табылды

ТЖМ

Қарағанды облысының Нұра ауданында жоғалып кеткен ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Нұра ауданында жоғалып кеткен ер адамды іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарушылар Нұра ауданында сағат 09.46-да қыстауынан адасып кеткен ер адамды тапты. Оған медициналық көмек қажет болмады.

"17 ақпанда (туыстарының айтуынша) жоғалған ер адам қыстауда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті. 18 ақпанда сағат 07.30-да ТРЕКОЛ көлігіндегі жедел-іздестіру тобы Нұра ауданы Сарыөзен кентіндегі қыстаққа аттанды. Қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін адасқан азамат сол жерге жеткен", -делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ер адам 14 ақпанда қарда жүретін көлікпен мал іздеп шығып, адасып қалған. Ол бес күннен кейін үйіне оралды.

Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру жұмыстарына МИ-8 "Қазавиапас" тікұшағын пайдаланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама