Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан кеншілердің отбасына барды

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан кеншілердің отбасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының әкімі қаза тапқан кеншілердің отбасына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл күнді қайтыс болған кеншілердің туыстары мен жақындарына барудан бастадым. Оларға көңіл айтып, қолдау білдірдім. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігі отбасыларға материалдық қолдау мен жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру және өзге де қажетті көмек көрсету шараларын іске асыру үшін жедел тәртіпте жұмыс жасап жатыр", - деп жазды ол Facebook-те.

Әкім әр отбасы көтерген мәселелер жекелей шешілетінін жазды.

Реклама
Реклама

"Бұл мәселе менің жеке бақылауымда. Мен сіздерді қабылданған шаралар туралы хабардар етіп отырамын", - деді ол.

Еске салайық, Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды. Қаза тапқандар саны 42 адамға жетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды ​​облысындағы кеншілердің қазасына байланысты көңіл айтып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды.

Кейін үкімет "АрселорМиттал Теміртауды" Қазақстанның пайдасына беру бойынша мәміленің аяқталғанын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная