Қарағандыда жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 ақпанда сағат 13.55-те жүк пойызының 12 вагоны жолдан шығып кеткен.

"Құрамның ішінде бидай болды. Вагонның бүйір жақтауы сынып кеткен. Апат орнында Сары-Шаған, Шу және Балқаш станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмыс істеп жатыр", - деді баспасөз қызметі өкілі.

Реклама
Реклама

Қазір Жамбыл бөлімшесі учаскесінде поездардың бір жолды қозғалысы қалпына келтірілді. Жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Фото kris_p_kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама