Қарағандыда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды

Қарағандыда өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды

Қарағандыда жедел уәкілдер өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып жүрген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда жедел уәкілдер өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып жүрген алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, 3 тамызда Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 40 жастағы әйелден арыз түскен.

Оның айтуынша, көшеде келе жатқанда белгісіз адам келіп өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Белгісіз адам жәбірленушінің дүкенінен ұрланған заттарды сатып алуға болатыны туралы белгі берген. Шынында да бұған дейін бірнеше күн бұрын белгісіз біреулер жәбірленушінің дүкенін тонап, қомақты қаржыда шығын келтірген екен.

Реклама
Реклама

"Сондықтан да әйел адам еш күдіктенбестен белгісіз ер адамға 660 мың теңге ақша беріп, бірер сағат өткен соң өзінің алданғанын біліп, полицияға арызданған. Жәбірленушінің түсіндіруі бойынша, күдікті шамамен 35-50 жас аралығында болуы мүмкін деп болжанған.

27 тамызда полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 48 жастағы ер адам ұсталып, кінәсін мойындаған", - делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама