30 сәуір 2023 15:36

Қарағандыдағы хайуанаттар бағында ат үркіп, адамдарды жарақатады

Қарағанды ​​хайуанаттар бағында адамдарды тасымалдауға арналған арба жегілген ат бір отбасыны жарақаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды ​​хайуанаттар бағында адамдарды тасымалдауға арналған арба жегілген ат бір отбасыны жарақаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға бір күн бұрын қалалық хайуанаттар бағында болған, арба жегілген жылқы хайуанаттар бағының аумағында байлаулы тұрған. Кенеттен балаларымен бірге демалып жатқан ерлі-зайыптылар отырған орындыққа қарай шапқан. Оқиға салдарынан дене жарақатын алған отбасыны Мақажанов атындағы емханаға алып кеткен.

Реклама
Реклама

Хайуанаттар бағы оқиғаны растады. Басшының айтуынша, жануар үркіп кеткен.

"Ат тынығатын уақытта жанынан бірнеше бала шар алып өтіп бара жатқан. Шардың жарылған даусынан үркіп кеткен ат отбасы отырған "беседкаға" кіріп кеткен. Жедел жәрдем отбасыны алып кетті. Олар Мақажанов емханасына жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілді. Әкесі мен балалардың денесі көгерген, әйелінің аяғы мен белінде жарақат бар", - деп хабарлады хайуанаттар бағы өкілдері.

Сондай-ақ хайуанаттар бағы саябақтағы барлық жануарлар сияқты жылқының да ветеринарлардың тұрақты бақылауында екенін айтты. Ат жуас, бұрын ешқашан адамдарға агрессия көрсетпеген.

"Келушілерден хайуанаттар бағына өздерімен бірге шарларды алып келмеулерін сұраймыз. Олар біздің аумақта сатылмайды. Сондай-ақ келушілерді хайуанаттар бағында өзін-өзі ұстау ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Олардың барлығы біздің Instagram парақшамызда жарияланған, сонымен қатар қоршау мен кіреберісте ілулі тұрады. Қазір біз бұл атпен адамдарды тасымалдауды уақытша тоқтаттық, - дейді хайуанаттар бағы өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram