Қарағандыдағы трансформатор стансасында өрт болды

Фото:

Қарағандыда Сәтбаев көшесінде орналасқан "Қарағанды ​​жарық" трансформаторлық қосалқы стансасынан шыққан өрт пен қою қара түтін бағанасы жергілікті тұрғындарды алаңдатты. Оқиға жексенбі, 23 шілде күні түстен кейін болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт туралы хабарлама сағат 13:15-те түскенін хабарлады. "Қарағанды ​​жарық" ЖШС аумағында 15 шаршы метр аумақта трансформатордың майы жанып кеткен.

"Өрт 14:24-те сөндірілді. Су төгу жұмыстары аяқталғаннан кейін "Қарағанды ​​жарық" ЖШС күштері №4 трансформатордан қуат алатын абоненттерді көршілес трансформаторға қосады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

"Вечерняя Караганда" басылымының хабарлауынша, қаланың орталық бөлігіндегі қосалқы стансадағы өрт салдарынан электр жарығы өшіп қалған. Жарық екі сағат ішінде қосылатынын айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама