Қашып кеткен балалар үйінің тәрбиеленушілері Алматы облысынан табылды

Айжан Калиева Корреспондент
Алматы қалалық полиция департаменті

Алматыдағы №1 балалар үйінен қашып кеткен қыздарды полицейлер тапты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыдағы №1 балалар үйінен қашып кеткен қыздарды полицейлер тапты. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында қыздар Алматы облысы аумағынан табылды. Қазіргі уақытта екеуі де Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Ведомство кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету полиция жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Алматыдағы №1 балалар үйінен екі қыз қашып кеткені туралы еріктілер тобы LIDER.KZ хабарлаған болатын. Кейін олардың жоғалуына байланысты іздестіру жұмыстарына полицейлер де қосылды. Белгілі болғандай, бұл кәмелетке толмағандар аталған мекемеден бұрын да бірнеше рет өз еріктерімен кетіп қалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама