Қайғылы жағдай: Астана жол бойында дөңгелек ауыстырып жатқан екі жігітті көлік қағып кетті

Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында жол бойында екі жігітті көлік қағып кетті. Олар көлік жөндеп тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.

Ақмола облысында жол бойында екі жігітті көлік қағып кетті. Олар көлік жөндеп тұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 11 қыркүйек түнінде Астана – Петропавл республикалық трассасының 178-шақырымында болған. Екі жігіт көліктің дөңгелегін ауыстыру үшін жол жиегінде тоқтаған.

Сол сәтте өтіп бара жатқан Nissan Almera автокөлігінің жүргізушісі оларды байқамай, қағып кеткен. Салдарынан зардап шеккендердің бірі – 21 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Ал екінші 21 жастағы жігіт Бұланды аудандық ауруханасына жеткізілді.

Реклама
Реклама

Бұл дерек бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама