“Қайрат“ футболшылары ұлттық құраманың матчіне қатыспайды: толық ақпарат

Фото ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

"Қайрат" ойыншылары 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Бельгияға қарсы матчтен кейін Алматы клубының базасына оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайрат" ойыншылары 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіндегі Бельгияға қарсы матчтен кейін Алматы клубының базасына оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу циклінің соңғы матчі - Бельгияға қарсы (15 қараша) кездесуге арналған құраманың соңғы тізімін жариялаған болатын. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді.

Сондай-ақ, ұлттық құрама 18 қарашада Хорватияда Фарер аралдары құрамасымен жолдастық матч өткізеді.

Реклама
Реклама

Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Темірлан Анарбеков ("Қайрат"), Мұхаммеджан Сейсен ("Астана"), Бекхан Шайзада ("Ордабасы"), Қажымұқан Төлепберген ("Оқжетпес");

Қорғаушылар: Сергей Малый, Сағдат Тұрсынбай, Сұлтанбек Астанов (барлығы - "Ордабасы"), Әлібек Қасым, Бақыт Қайров, Талғат Құсяпов (барлығы - "Ақтөбе"), Ян Вороговский ("Астана"), Нұралы Әліп ("Зенит", Ресей), Наурызбек Жағоров ("Тобыл"), Еркін Тапалов ("Қайрат"), Әділбек Жұмаханов ("Елімай"), Арсен Ашірбек ("Оқжетпес");

Жартылай қорғаушылар: Даурен Жұмат ("Оқжетпес"), Дінмұхамед Қараман ("Жеңіс"), Рамазан Оразов, Жан Әлі Пайруз, Алмас Түлюбай, Ғалымжан Кенжебек (барлығы - "Елімай"), Ислам Чесноков ("Тобыл"), Муроджон Халматов ("Ордабасы"), Дамир Қасабoлат ("Қайрат"), Георгий Жуков ("Ақтөбе");

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев ("Ақтөбе"), Максим Самородов ("Ахмат", Ресей), Елхан Астанов ("Ордабасы"), Дастан Сәтпаев ("Қайрат"), Иван Свиридов ("Елімай"), Рамазан Каримов ("Астана").

KazFootball хабарлауынша, "Қайрат" ойыншылары - Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов, Дамир Қасабoлат және Дастан Сәтпаев - Бельгияға қарсы матчтeн кейін алматылық клубтың базасына аттанады.

Бұл алматылық команданың Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турына Данияның "Копенгагеніне" қарсы 26 қарашада өтетін ойынға дайындығымен байланысты. Сондықтан олар Қазақстан құрамасының Хорватияда Фарер аралдарына қарсы өтетін жолдастық кездесуін өткізіп алады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама