“Қайрат“ Қазақстан чемпионы атанды

©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Алматылық "Қайрат" пен астаналық "Астана" арасындағы матч 2025 жылғы маусымның Қазақстан Премьер-лигасының чемпионын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматылық "Қайрат" пен астаналық "Астана" арасындағы матч 2025 жылғы маусымның Қазақстан Премьер-лигасының чемпионын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Матч 26-тур аясында Алматыдағы "Орталық" стадионда өтті.

"Қайрат" - "Астана": құрамдар

Реклама
Реклама

"Қайрат": Темірлан Анарбеков (қақп.), Луиш Мата, Сорокин, Мартынович, Тапалов, Глазер, Арад, Громыко, Мрынский, Жоржиньо, Сатпаев.

"Астана": Чондрич (қақп.), Бартолец, Шомко, Аманович, Калаица, Эбонг, Башич, Грипши, Томасов, Камара, Джеффри.

"Қайрат" - "Астана": ойын барысы

Старт ысқырығынан 15 минут өткенде "Астананың" лидері Марин Томасов жартылай қорғаушы Назми Грипшиден келген пасты голға айналдырып, есеп ашты.

Алғашқы тайм нәтижесі - 0:1, "Астананың" пайдасына.

Екінші тайм басталар алдында "Қайрат" бас бапкері қорғаушы Еркін Тапаловтың орнына шабуылшы Эдмилсонды шығарды.

56-минутта "Қайраттың" шабуылшысы Дастан Сатпаев есепті теңестірді - 1:1.

Қалған уақыт тартысты өтті: "Астана" жеңісті жұлып алуға бар күш салғанымен, алға шыға алмады, ал "Қайрат" өткір шабуылдармен жауап қайырды.

Матч алдындағы жағдай айқын еді: алматылықтарға титулды сақтау үшін тең ойын жеткілікті, ал астаналықтарға міндетті түрде жеңіс керек болатын.

Қорытынды есеп - 1:1. Осылайша, "Қайрат" басты қарсыласымен бетпе-бет ойында чемпиондық атағын қатарынан екінші рет растады және клуб тарихындағы бесінші чемпиондығын жеңіп алды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама