Қазақ қызы Дональд Трампты ұлықтау рәсіміне шақырылды

Фото: Instagram / dina_shayk

Қазақстандық саясаттанушы әрі балаларды дамыту CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Шайхислам АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональд Трамптың инауграция рәсіміне арнайы шақыртылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Дина әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Видеодан шақырудың құрамына инаугурацияға кіру билеті, қосымша шақырту хаттары, Дональд Трамп пен жаңа вице-президент Джей Ди Вэнстің қолтаңбасы бар фотосуреттер, инаугурация бағдарламасы кіретінін көруге болады.

"Бүгін мен Президент Трамп пен Вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақырту алдым", – деп жазды ол.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ұлықтау рәсіміне Қазақстан атынан АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев қатысады. Ержан Ашықбаев 2021 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады.

Айта кетейік, Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-президенті ретінде инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында Вашингтонда, жергілікті уақытпен сағат 12:00-де өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама