ПОДЕЛИТЬСЯ
07 маусым 2022 | 12:04
Қазақстан 8 маусымнан бастап ПТР-тест пен вакцинация паспорты талабын алып тастайды
8 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары мен шетелдіктер үшін шекарадан өту кезінде вакцинация мен ПТР-тестті растау бойынша талаптар жойылады. Мұндай шешімді коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоаралық комиссия мына талаптардың күшін жою туралы шешім қабылдады:
- 2022 жылғы 8 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетелдіктер үшін COVID-19-ға қарсы вакцинация немесе ревакцинация растауын (COVID-19-ға қарсы вакцинация туралы паспортты/сертификатты/анықтаманы), ал олар болмаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде ПТР әдісімен COVID-19-ға қарсы сынаманың теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну туралы міндетті талап.
- еліміздің жеті өңіріндегі мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 көлік өткізу пунктінің жұмысына тыйым салу.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также